meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Ақыл дария екен,
Көңіл дүлдүл екен.
Ақыл жас ұланнан,
Жүйрік тай-құнаннан.
Ақыл жастан шығар,
Жүйрік аттан шығар.
Ақыл қарттан шығар,
Асыл тастан шығар.
Ақыл кіріп, қырықта әдеп білмесе,
«Адам емес» болар еді, кім десе!
Ақыл махаббат тұзағына тап келсе,
Қашарға жол іздейді.
Ақыл надан басқа кірмейді,
Темір шеге тасқа кірмейді.
Ақылды адам нәпсісін тыя біледі.
Ақылды адам өмір сүру үшін ішіп-жейді,
Ақымақ күнде ішіп-жеу үшін өмір сүреді.
Ақылды адам сөзді орнымен айтып,
Жөнді жауап күтеді.
Ақылды адамға екі дүниеде де жол ашық.
Ақкөңіл — адам ойының тазасы,
Әділ, тура, ақкөңілге не жетсін,
Парасат пен білімді де қажетсін.
Ақкөңілдің аты арымас, тоны тозбас,
Кең болса, келе болмас.
Ақ құстың баласы жалғыз жүріп оттамас.
Ақсұңқар атқа ғашық,
Күйкентай жемге ғашық.
Ақсұңқардың баласы алтау болар,
Бесеу болар, ішінде біреуі қу болар.
Қу ала алмаған жаманы
Құладынға қор болар.
Ақсақ қой артынан маңырайды.
Аққуда сүт жоқ,
Жылқыда өт жоқ.
Ақпа құлаққа айтсаң, ағып кетер,
Құйма құлаққа айтсаң, құйып алар.
Ақсақ кісі сапарға шығып жарытпайды.
Ақсақалдан бата алған,
Құдайдың рахметіне жолығар.
Ақша ақылды адамның да көзін тұндырады,
Ашкөздік ұшқан құсты да торға түсіреді.
Ақша барда көп жүрсең,
Көзің бір күн қарығар.
Ақша болса, қыз табылар.
Ақша үшін әркім-ақ істейді,
Әділдік үшін кім істейді?
Ақшаны жолда тапсаң да,
Санап ал.