Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»
Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).

“Арғымақ аттың құйрығы - әрі жібек, әрі қыл,Қас жақсының белгісі - әрі мырза, әрі құл.”
© Самет Оқанұлы
“Тамақты жамандаған – қарынның тоқтығы, Туысты жамандаған – ақылдың жоқтығы”.
© Самет Оқанұлы
“Жақсының жақсылығын айт, Нұры тасысын. Жаманның жамандығын айт, Құты қашсын”.
© Самет Оқанұлы
Жақсы әйел ерінің басын төрге сүйрейді, Жаман әйел ерінің басын көрге сүйрейді
© Самет Оқанұлы
Судан алып, суға салғандай қылып. Тамақ дәмсіз жасалғанда айтылатын еді.
Баланы тапқан мақтан емес, баққан мақтан. Оның бағып қағып тәрбилеуде деп.
Кəрі өгіз балтадан қорықпас.Бұл мақал адамды əдеттеніп алған ісінен тайдыруға қорқытпақшы болғандарға арнап айтылады.
© Түркі халықтары
Жалғыз қаздың үні шықпас.Бұл мақал əрқандай істе басқалардан жəрдем сұраудың қажет екенін ескертеді.
© Түркі халықтары
Əкесі бір бірін-бірі көре алмас,Анасы бір мейірімсіз бола алмас.Əкесі бір, анасы басқа бауырлар ешқашан бірін-бірі көре алмайды. Күншілдікпен күн..
© Түркі халықтары
Екі қошқардың басы бір қазанда піспес (қайнамас).Бұл мақал бір қалада екі бектің бір-бірімен келісіп тұра алмайтындығы, əйтеуір, біреуінің кетіп..
© Түркі халықтары