meta charset="utf-8"> Қазақша портал

Бөлім: «Мақал-мәтелдер жинағы»

   Мақал — нақыл сөз. Ол өмірдегі түрлі құбылысты жинақтап, түйіп, ықшамдап беріп, бір не екі тармақтан тұратын, алдыңғы жолдарында пайымдап, соңғы жолдарында қорытылған ой айтатын халықтық бейнелі поэтикалық жанрдың бір түрі, ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі. Мақалдар көбіне өлең үлгісінде кейде қара сөзбен де айтылады. Ұйқасқа (“Қайраңы жоқ көлден без, қайырымы жоқ ерден без”), аллитерацияға (“Етігін шешпей ер шыңаймас”), ассонансқа (“Қатты жерге қақ тұрар, Қайратты ерге бақ тұрар”) құрылады. Мақалдар тура және ауыспалы мағынада қолданылады. Ауыспалы мағынадағы сөздер ішкі астары бар, тұтас бір ойды білдіреді (“Бір жеңнен қол шығар, бір жағадан бас шығар”), (“Ырысқа қарай ұл өсер, Қонысқа қарай мал өсер”), (“Ел — ырыстың орманы, ер — ырыстың қорғаны”), (“Ер жігіт үш ақ үй тігеді, үш қара үй тігеді”).
   Мәтел — өзінің негізгі түйіндеуін кесіп айтпайтын, бір-бірімен кереғар шендестіруі жоқ, қорытындысы тұспалды, қысқа да нұсқа нақыл сөз. Мақалға өте жақын. Мәтел сыңар тармақ болып келеді. Сөз үстемелене келіп, мақалға айналады. Мысалы, “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке” — мәтел. “Қаңбақтан қашсаң, дөңбекке жолығасың” — мақал. Мәтел тура, ауыспалы, астарлы мағынада қолданылады. Мәтел адамның айтқан пікіріне ой қосады, сезімін әсерлі де айшықты жеткізеді. Ақын-жазушылардың ұтымды сөздерінің біразы Мақал-Мәтелге айналған: (“Ұылымды іздеп, дүниені көздеп” — Абай), (“Жалғанды жалпағынан басып өтіп” — Жамбыл, т.б.).
Қызым саған айтам, сен ешкімге айтпа.
Қыз өссе - елдің көркі,Гүл өссе - әкімшіліктің көркі.
Шайпау қатын ердің соры,Жемқор билік елдің соры.
©   Аймұханбет Бейсембеков
Алдымен «баксыңды» тық,Содан кейін «басыңды сұқ!»
©   Аймұханбет Бейсембеков
Параны бергеннің «іші ашыйды»,Алғанның «мерейі тасиды».
©   Аймұханбет Бейсембеков
Пара бермей, пара алатын «креслоға» отырмайсың!
©   Аймұханбет Бейсембеков
Іскер әкім келсе Семей көркейер,Жемқор әкім келсе Ертіс «өртенер»!
©   Аймұханбет Бейсембеков
«Қолы таза» басшы қорықпай басқарады,«Арты былық» басшы «көлеңкесінен де» жасқанады.
©   Аймұханбет Бейсембеков
Депутат «төрт аяғын» көтеріп жағымсынар,Спортшылар допингті «татып ап» бағын сынар!
©   Аймұханбет Бейсембеков
900 000 алатын депутаттар не демейді,Ал, кедейлер ашыққан не жемейді.
©   Аймұханбет Бейсембеков
Қазақ тілін мемлекттік тіл – дейді,Ал, ол тілді министрлер білмейді.
©   Аймұханбет Бейсембеков
Баспанасыздар «тіркелем» – деп ЦОН-да өлер,Немесе қаңғып жүріп «жол да» өлер.
©   Аймұханбет Бейсембеков
Бүгіні биліктің «көгіндегілер»,Ертеңгі түрменің «төріндегілер».
©   Аймұханбет Бейсембеков
Қалтасына қарай – тоқалы, заманына сай – мақалы!
©   Аймұханбет Бейсембеков
Еріншек қатынның етегі жыртық,Ерке қатынның ерні тыртық.
Тоқал ешкі мүйіз сұраймын деп сақалынан айрылыпты.
Есенің де есесі, есектің де шешесі бар.
Құнажын көзін сүзбесе,Бұқа бұйдасын үзбейді.
Қасқырдан хал кетсе, ешкіні апа дейді.
Арамза бұқа ұрғашы бұзаудың жанында ұйықтайды.
Байлауы жоқ шешеннен,Үндемеген есті артық.Бәйге алмаған жүйріктен,Белі жуан бесті артық.
Бұқаны көрген бұзау оңа ма?!
Қатын қысылса шағынады,Ер қысылса сабылады.Қатын ұшынса қағынады,Ер ұшынса шабылады.
Бастық кеткенше, адам өлгенше ғана сыйлы.
Жығылып жатып қисайғанға күлме.