29.09.2022
  182


Автор: Бауыржан ЖАҚЫП

Қысқы қиял

Сенімім қағып қанатын,
Сезінем таңым атқандай.
Сезімнің жегіп пар атын,
Сенімен келе жатқандай.
Ақ қарға жуып бетіңді,
Келесің асқақ мүсінде.
Ақ түтек ойлар секілді,
Ақ түтек боран ішінде.
Секілді дала күй елі,
Сөйлейді боран не тілмен?!
Долана-ернім сүйеді
Домбыққан алма бетіңнен.
Аяулым өзің жақұтым,
Аймалай берем бір қанбай.
...Қар емес, менің бақытым,
Бақытым борап тұрғандай!





Пікір жазу