25.09.2022
258
Жүрегім менің...
Жүрегім менің
босқа жырламайды
Жазмыштың жолы тайқы
бұрмалайды
Жанымның
қара қотыр жараларын
Шеңгелінде
шерлі өмір тырналайды
Жүрегім менің
босқа жырламайды
Аққан жастан
жанарым құрғамайды
Жаным титтей болғанмен
жарам үлкен
Көңілімде
тыныштық орнамайды
Бұл өмірден
өтем бе жарысумен,
Жарысумен оза алмай
қалысумен.
Күйкі тірлік еншілеп
уақытымды,
Қараң қалғыр
қырсықпен алысумен.
Жерұйықты
іздеумен қарап бекем,
Шарласам ба
Асандай алапты кең.
Біле алмадым
о баста мына мені
Кім болсын деп
Тəңірім жаратты екен.