23.09.2022
119
Жүректi жұлқылап барып...
Жүректi жұлқылап барып,
Ойды үмiт шырқыратты анық.
Жанның сен кiлтiн ап қалып,
Санамды жүрсiң ақтарып.
Өттi ғой өмiр нөсердей,
Жеткейсiң алқынып, арман!
Мәңгi, әйтеу, көңiлде сөнбей,
Найзағай жарқылы қалған!