20.09.2022
  162


Автор: Ғұсман Жандыбаев

ЖҮРЕК – САУЫТ, ҚАН – СИЯ

Жүрек – сауыт, қан – сия,
Қайда, ақын, қаламың?
Жазам десең, алшы, мə,
Жанымның ақ парағын.
Ақ парағын жанымның
Жаяйыншы алдыңа.
Жайнап тұр ғой жалын – Күн..
Ақыным-ау, қалғыма.
Қандай ғажап, қарашы,
Аппақ əлем, бұлтты аспан.
Ақтығы сол емес пе –
Қос жанарың нұр шашқан.
Арайлы осы əлемнiң
Ұқсап аппақ таңына,
Нұр толтыршы жанымның
Нəзiк талшықтарына.
Жүрек – сауыт, қан – сия,
Қайда, ақын, каламың?
Қағаз етiп алшы, мə,
Жанымның ақ парағын.
Жаз, ақыным, жаза түс,
Жан азығы бiтпесiн.
Асықпашы қоюға
Жырдың соңғы нүктесiн.





Пікір жазу