20.09.2022
  105


Автор: Ғұсман Жандыбаев

СЕНГЕН ЖҮРЕК

Отқа ғашық сұр көбелек сен бе едiң?
Неге, неге, ажалыңа шөлдедiң?!
Өзiң келдiң, тұтқынысың ендi оның.
Бұл дүниеде қасiретi сол пенденiң:
Сүйген жүрек қоя алмайды сенгенiн.
Қанатыңның шарпылғанын, күйгенiн
Қалай ғана ойыңа сен түймедiң?
Ендi, мiне, жанып кеттiң. Күйредiң.
Қасиетi сол қасiреттi дүниенiң:
Сенген жүрек қоя алмайды сүйгенiн!





Пікір жазу