ҮМIТ ПЕН АРМАН ЖЫЛДАРЫ
Етегiн бұршақ бомбылап,
Қара тау басын қар алды.
Қаршадай сəби қартайып,
Қара бiр шашы ағарды.
Секемсiз едiң сен кеше,
Серiлiк кеттi. Бұл қалай?
Шерiңдi төкшi ендеше,
Арман мен үмiт жылдары-ай.
Күмiлжiп тұрған жайың бар,
Ағылда-тегiл жырламай.
Iшiңде қандай уайым бар,
Үмiт пен арман жылдары-ай.
Көзiңдi жерден алмайсың,
Басыңа сойыл тиген бе.
Үрiп бiр iшiп, барлайсың,
Аузың да оңбай күйген бе.
От едiң, ендi көр, мiне,
Түтiннен бар ма айырмаң.
Қызыл тiл былқ-сылқ, кезiнде –
“Тағыны жетiп қайырған”.
Қашты екен сəнiң қай күнi,
Сенiмiң неден сетiлдi.
Тасыған көңiл айдыны
Тартылып қалған секiлдi.
Мiнезiң неден өзгердi,
Қорғаншақ, жалтақ емес ең.
Сауықшыл, сайран кездердi
Ұмыта қалдың неге сен.
Хан ұлындай тектi едiң,
Тезек тергенiңе жол болсын.
Жылан iнi ме едi жеткенiң,
Япыр-ау, қайда келгенсiң.
Мүсəпiр халге түскендей,
Басыңа қандай зор келдi.
Күйрей жеңiлген күштi ердей,
Көтере алмай тұрсаң кеудеңдi.
Еңсеңдi тiкте, езiлме,
Алдан күт. Өткен ендi жоқ.
Тəкаппар жастың көзiнде –
Бейнең жүр сенiң, белгi боп.
Алдыма тосты орманын
Шет-шексiз дүние жұмбағы.
Кеудеме шоқ боп орнадың,
Үмiт пен арман жылдары.
О да бiр дəурен екен ғой,
Сағымдай дүние алдамшы.
Кешiкпей мен де кетем ғой..
Арманды жылдар жалғаншы, сен қалшы!!