meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  17.09.2022
  161


Автор: Ақылбек Манабаев

ЖҮРЕГІМ МЕНІҢ

̶ Қайда, ̶ деп ̶ әке, жүрегің? ̶
Сұрадың қалқам, түлегім.
Ұнайды маған өмірді,
Көп білсем деген тілегің.
Жүрегім менің кеудемде, ̶
Келмес мүлде деу жөнге.
Өйткені көппен тоғысқан,
Мүдде бар ортақ, беу, менде.
Құлпырып өссе бауда гүл
Әкелген көктем сауға бұл.
Бұл шақта менің жүрегім
Шопанмен жүрер тауда бір.
Шалқытып диқан ән-күйді,
Қамбаға қымбат дәнді үйді.
Жүрегім соның жанына,
Шаттық боп кіріп нәр құйды.
Жалынға төсеп білегін,
Орындап Отан тілегін.
Жұмысшы жүрсе заводта,
Сонымен бірге жүрегім.
Достыққа тауып төте жол,
Алысқа да ұшып кетеді ол.
Ақ ниет жанға ол дайын,
Сүйейтін қажет десе қол.
Жанымның қыран-түлегі,
Болмасын соғыс ̶ тілегі!
Жүрегім менің ең ізгі
Советтік адам жүрегі...





Пікір жазу