16.09.2022
111
ЖАПЫРАҚ ЖҮРЕК
Бұтақта − желдің өтінде,
Жан дəрмен тынбай безілдеп,
Жапырақ − жүрек дертіңе,
Езіліп күйген кезім көп.
Үн шығар уыз уілдеп,
Құпия сазға ұқсаған.
Күмбірлі білем күйің бек,
Соданда ерен күш алам.
Сағынса жарын көптен бір,
Тұнжыр көз жасқа тола қап,
Түседі бірге мөп-мөлдір,
Мөп-мөлдір шықтар домалап.
Сарғайса біреу сары күздей,
Сарғайып бір-ақ төгілер.
Сағыныш əнін сал да үзбей
Аралап бақты мені көр.
Көктемің келіп күлгенде,
Бойыма жасыл ніл сіңген.
Жапырақ жанмын білгенге,
Білмесең мəңгі тылсым мен.
Бойымнан күннің нұры өтер,
Нұр өтер менен саған да.
Жауқазын көңіл дір етер,
Сəулең бір болса санаңда.