11.09.2022
  123


Автор: Рза Қунақова

НƏЗІК ГҮЛДЕЙ ЖҮРЕГІҢ

Болдың ба сырқатыңнан тəуір, жаным,
Бізге де қиын тиді ауырғаның.
Жүрмін мен жұмыс пен үй ортасында,
Шыққам жоқ жолаушылап, ауылдамын.
Қиын ғой, емдел, жаным, жүрек деген,
О, шіркін, кімді қашан жүдетпеген.
«Аурудың алдын ал» деген сөз бар,
Сауығарсың, тек дертті үдетпегін.
Жазыл, сауық, жан достым, тілегім сол,
Бір баста қуаныш, қайғы, білемін мол.
Жаным-ау, мен келгенше сауықшы тез,
Ертең жұмыс бабымен жүремін жол.
Сезімсіздің селт етпес жүрегі де,
Қола мүсін тəрізді реңі де.
Нəзік гүлдей жаралған жүрегіңнің,
Табылады, іздесек бір емі де.
Табиғат, сенімсізге жүрек берме,
Өтінетін жалғыз сол тілек менде.
Ұқпайтын нəзіктікті тасыр жандар
Жаралайды жаныңды білекпен де.





Пікір жазу