11.09.2022
140
Бір тамшы жас – жалғыз жүрек жалыны....
Бір тамшы жас – жалғыз жүрек жалыны,
Бір тамшы жас – кеткен кектің қарымы.
Бір тамшы жас – жанарыңнан жалт еткен,
Көңіл толы қуаныштың жарығы.
Тамшы жаста айтылмаған арман бар,
О, адамдар, арманды ізгі қорғаңдар!
Жүрек деген мөлдір бұлақ тамшысын,
Қапылыста тек лайлап алмаңдар!