10.09.2022
  145


Автор: Рза Қунақова

МЫСЫҚТЫҢ ҚИЯЛЫ

Қара мысық
Көзін қысып.
Бет-аузы ісіп,
Аузын ашып,
Маң-маң басып,
Қораға жақын келді.
Ет барын
Иісінен білді.
Жемек болып етті
Есі əбден кетті.
Биіктегі етке
Қалай ғана жетпек.
Жасаса да айла
Түспеді ешбір пайда.
Секіріп те байқады,
Жете алдмады,
Басын шайқады.
Сығалап тесіктен
Отырды есікте.
Көрші үйдегі күшік
Жатыр тамақ ішіп.
Көре сала
Оны
Көмекке шақырды.
Ол жүгіріп,
Есікке жетті.
– Алайықшы етті,
Көмектессең нетті, –
Деді мысық.
Ашуланды
Күшік...
«Ыр» етіп,
Өзіне ұмтылды.
Жаутаңдап көзі,
Ет тұрмақ өзі
Əрең құтылды





Пікір жазу