09.09.2022
74
![](/uploads/shorttexts/author_image/1501128244-t-r-kopiya-kz.jpg)
Үмітті күндер
Табиғат! Қандай ыстық от күндері,
Кетілген кірпіштей ғып соқтың мені.
Әлеумет! Күйрек десең, жаралыппын
Жатқанда шойырылып көптің белі.
Тікейдім бойды түзеп, сынып тұрып,
Шыңдады баулып өмір шынықтырып.
“Уақыт” – емші деген рас, тегі,
Жіберді уайымды ұмыттырып.
Тағдырдың талқысы көп сыр ұқтырып,
Сынайды жайма-шуақ күліп тұрып...
...Күдікпен әр күнімді аттандырып,
Күтемін әр таңымды үміт қылып.