07.09.2022
  138


Автор: Толқын Қабылша

«ЖЫРЛА, ЖҮРЕК!»

Жырла, жүрек!
Әз-жаным жабықпасын.
Жабықпасын, жалғаннан жалықпасын.
Көңіл шіркін, көкке ұшып қалықтасын,
Қамықпасын, ұмтылсын жарыққа шын.
Жырла, жүрек!
Қайтадан алып-ұшып.
Құрғыр көңіл бассыншы сағынышын.
Қар суындай тасып бір төгілсін жыр,
Кәусарынан қалайын қанып ішіп.
Жырла, жүрек!
Жанымды жылыт менің.
Жазбай тапшы дертімнің уытты емін.
Жаза бассам, жазғырып, ұмыт дедің,
Сен жерісең, қалардай суып демім.
Жүректерге
жып-жылы нұр құйылсын,
Келші шабыт, тереңге сүңгиін шын.
Құлаш ұрып, жетейін алғы күнге
Жанымда бол, жайдары жыр-сүйіншім!
Жырла, жүрек!





Пікір жазу