06.09.2022
  101


Автор: Сәруар Қамаева

ҮМIТТIҢ ЖIБIН ЖАЛҒАДЫМ...

Құрсауы қатты, қамалды бұзып,
Бойым бiр суып, бiресе қызып,
Қайырылған қанат айдынды сызып,
Ағысқа қарсы барамын жүзiп.
Тағдырдың салған тұсауын шешiп,
Дарияны қайта келемiн кешiп.
Күткенiм келдi, көңiлiм сендi,
Жалтақтап жұртқа қараймын несiн?
Талайым құрған торды да үзiп,
Үмiттiң жiбiн жалғадым үзiк.
Ұмыттым бүгiн өмiрдiң сызын,
Көңiлдiң қатқан ерiтiп мұзын.





Пікір жазу