06.09.2022
  104


Автор: Сәруар Қамаева

ЖҮРЕГIҢЕ СЫЗЫП АЛ...

Ақиығы Алтайдың
Айналғанда төбемнен,
Қиял құштым, байқаймын,
Аспанға ұшып өлеңмен.
Тұғырына қонатын
Кезiн күтiп қыранның,
Талмасын деп қанаты,
Қарсы алдында тұрармын.
Замандастың зиялы
Өзiңе айтар назы бар.
Ұшқыр ойы, қиялы
Өлеңменен жазылар.
Шуақ шашып маңына,
Жарқырап тұр шамдарым.
Жылу берер жаныма
Жыр жұлдызын таңдадым.
Жылдар бойы жинаған
Сағынышты баса алмай,
Қалдым үнсiз қинала,
Ала жiптен аса алмай.
Қайталанбас күндердiң
Жадыңда қалар iзi бар.
Жырыммен жеткен бiр белгi,
Жүрегiңе сызып ал.





Пікір жазу