meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  06.09.2022
  162


Автор: Сәруар Қамаева

ЖҮРЕККЕ КӨНГЕНІМ...

Көңілің күпті ме,
Үндемедің.
Түсіме кіресің
Күнде менің.
Өзің де білесің
Сыр берерін,
Жүректің жасасам
Кіл дегенін.
Жүректің салғаны
Жалған емес.
Сезімнің салмағы
Толған елес.
Елеске ермедім -
Сенбегенім.
Жүрекке көнгенім -
Кел дегенім.





Пікір жазу