06.09.2022
  121


Автор: Сәруар Қамаева

ЖЕТЕЛЕП ЖҮРЕР БІР ҮМІТ

Жүректе жатқан,
Жаныма батқан,
Тарқатсам деймін шерімді.
Жайымды байқар,
Сырымды айтар
Жан таппаймын сенімді.
Сенімі аздар,
Көңілі жаздар
Таң болып маған қарай ма?
Қас қағым ғұмыр,
Таппаған тұғыр,
Тұсауын салған талайға.
Көлеңке бетін,
Көрмейтін етіп,
Көңілді қояр мәз қылып.
Пұшайман пенде,
Кіргенше көрге
Жалғанды өтер жазғырып.
Таяныш таппай,
Аяныш жоқтай,
Дүниеден мың түңіліп
Жүргенде жарық
Жылт ете қалып,
Жетелеп жүрер бір үміт.





Пікір жазу