02.09.2022
  100


Автор: Жанат Әскербекқызы

Мен сені көрмесем деймін...

Мен сені көрмесем деймін,
Жүрегім ауырмайтұғын.
Сезімге шөлдесем деймін,
Ой құшып дамылдайтұғын.
Ем таппай аласұрамын
Жанымды қарыған мұңға.
Көруге тағы асығамын,
Көзіңді сағынамын да...





Пікір жазу