31.08.2022
  81


Автор: Ұлықбек Есдәулет

ЖҮРЕК

Жүрегiм өзiмде емес, қарындасым,
Босатшы, жiбершi деп жалынғасын
Ұшырып туған жерге жiбергенмiн,
Барсын да мауқын бассын, дамылдасын.
Жүрегiм өзiмде емес, туу алыста,
Ол кеткен сағынышқа, қуанышқа.
Адасып жүрер ме екен тентек неме
Жолына, менi сүйсең, шырақ ұста.
Ұясы тұғыр болмас тас түлекке,
Кеуде де мекен болмас жас жүрекке,
Зарыққан Зайсанына ұшып кеттi,
Сарынын Қара Ертiстiң естiмекке.
Жiбердiм ұмтылғасын, талпынғасын,
Тек кана талып қанат, алқынбасын.
Атамас ешкiм менi қуыс кеуде,
Кеттi ғой туған жерге, барсын... барсын!..





Пікір жазу