31.08.2022
85
АҚЫННЫҢ ТІЛІ – ЖҮРЕКТЕ...
Керім – түн керегесін жайып,
Кербесті көңіл құлазып.
Ай туды жанары талып,
Бұлт төкті жасын бұла қып.
Бұлдырық құстай бұлыңғыр,
Күндер-ай, қашқан бұлдырап.
Кісінеп қалған құлын жыл,
Бел асып қалды құлдырап.
Бозамық түнгі боз жусан,
Қылаңдап қапты самайым.
Уайым.
Қарттық.
Ой қусаң...
Өлеңде – тағдыр талайым.
Кереге – көңіл көктеулі,
Ой асылы – түнекте!
Адамның сөзі шектеулі,
Ақынның тілі – жүректе!
Жүрегім, саған не дейін,
Өртендің, күйдің айыптан.
Бағындым, тағы көнейін,
Өлең түседі ғайыптан.