28.08.2022
  99


Автор: Есләм Зікібаев

ЖҮРЕК СЫРЫ

Жадымнан жатсам-тұрсам еш кетпейді,
Адамға арсыз көңіл не істетпейді.
Қонар ма бір үркітсең бақыт құсың.
Мың қайта барғаныңмен «кеш» деп
мейлі..
Білмеймін, жазықты кім, жазалы кім,
Ауыртпай жан жарамды жазады кім?
Япырай, қалғаным ба керексіз боп,
Шығады сыбырлаған əзер үнім,
Жоқ па еді махаббаттың оты менде,
Əлде мен өткеніме өкінем бе,
Қой, мəңгі кете алмассың қиып тастап,
Аяулым, қасыма кел, отыр, емде!
Мен саған жыр арнағам, күй арнағам,
Жанымнан кезің бар ма ед сый алмаған.
Қайта ашар есігіңді серіппе қатты,
Өзгеге өз бақытын қияр ма адам.
Орал, кел, орал қайта, гүл-көктемім,
Мен үшін қымбат сенің бірге өткенің,
Аралап өмірімнің бел-белесін,
Өзіңмен бірге ашайын жыр мектебін





Пікір жазу