22.08.2022
199
![](/uploads/shorttexts/author_image/bb4e7c57ec76bc7d29bf1532679e7398-original.jpg)
Жүрегім боп…
Құштарлық тілді күрмеп, мендетті анық,
Көксеймін нұр жүзіңді шөлдеп-талып.
Ұшып кеткен суретің елестейді,
Көңілімнің көлінде өрнек қалып…
Зарығып, ақыл-ессіз құр сүлдерім,
Сенделсе, мүмкін бе екен күрсінбеуім?!
Еңсені қорғасындай ауырлатып,
Сыздаған жүрегім боп тұрсың менің!..
1960 жыл