17.08.2022
  150


Автор: Абдулмахмуд Пошатаев

Сәби жүрек

Сол шақтарды жақсы көрем, мен ыстық.
Өкпеледік,
Ренжідік, ұрыстық.
Кісі болдық, бөлек кеттік шалқайып,
Татуластық,
Бір болуға тырыстық.
Ренжідік, ренжістік, кесір мұң,
Мендегі отты сен де үрлеп өшірдің.
Жүрегіңе мен де салдым қаяу мұң,
Қателестім,
Сен де мені кешірдің.
Есіңде ме,
Көтергенің ұлымды?
Қыз туамын дегенсің сен бұрымды.
Жездеміздің асыл түсін тәрк етіп,
Тербетемін деген едің қызымды.
Ұл келер деп, алтын ерлі, пырақты.
Тоғыз ай, күн,
Солай солай, күн атты.
Су ішінде жалтыраған асылым,
Қанжар қылыш боларсың ау, қынапты.
Жездекем-ай,
Солай маған күш беріп,
Ұл туады-дедің,- келін, күшке еніп.
Су астынан тапқан олжа келеді,
Болжадым- деп, бұл тірлікті түс көріп.


Ақылесім- дейсің жезде, түске ендің.
Орындалар жөні де бар, түстердің,
Ата-анамның ризығымен нұр жауып,
Бала болып, періште ұл түскен күн.
Көңіл пырақ,
Желдірмей-ақ ұшады.
Көкке самғап ақша бұлтты құшады.
Көкте нем бар, өз үйімде жүр екен,
Бабалардың алтын сапты пышағы.





Пікір жазу