09.08.2022
  120


Автор: Гүлнар НАУЫРША

ЖАБЫРҚАМА, ЖҮРЕГІМ

Жабырқама жүрегім, жабырқама,
Қарап қалдың сен неге назырқана.
Мендегі бар бақыттың иесі өзің,
Бәрін де ал әйтеуір азырқама.
Азырқама, жүдеме, уайымдама,
Салмақ түссе сөздерден пайымда да.
Кіп-кішкентай періштем мен қайтейін,
Сен ортақсың мұңыма, қайғыма да.
Мұңыма да ортақсың, шаттығыма.
Шаттық болса, көңілдің ақтығы да.
Тілегім- сен мүдіріп қысталмасаң,
Тәтті өмірдің мына сан соқпағында.





Пікір жазу