ТУҒАН ТІЛІМ
Өз тіліммен сыр шертемін толған,
Қару етем шықсам қандай жолға да.
Жырлайтыным, қырлайтыным – туған тіл,
Жиын да, тойда да!
Кең даламнан, асып биік таудан да,
Тіл табыссам,үйлеседі саудам да
Доспен әмән өз тілімен сөйлесем
Құтқарады ол жакдан да!
Қорқыт ата қорыққанда өлімнен
Түн ұйқысы төрттен де көп бөлінген.
Өз тілінде айтқан жазған жазудан
Зәре кетіп , жерінген!
Жанжал туса , тілден тапқан ілікті,
Өткір тілден қанша сұлу тілікті.
Құлан, түлен шайтандарға тіл тауып,
Алдар көсе мініпті!
Ән салғанда таусылмаған күнімен,
Тіл әсері жорттыоған да түнімен.
Шайтандардың атасы екен алданған
Алдар көсе тілінен!
Шешілмецйтінг істер туар толғақты,
Сан алуан қиын іс бар салмақты.
Жиреншені өмір сүрген кезінде
Жеңген ешкім болмапты!
Тіл табысып Қарашашпен қосылған,
Туған неше қанатты сөз тосынан,
Тіл кеспектің жоқ екенін білген хан
Бағытынан тосылған!
Осы тілден соққан алтын сарйды
Төрткүл дүние мойындаған Абайды,
Гомер, Гете , Бальзактармен теңескен
Қазақ тілім жарайды!
Осы ұлы тіл – туған тілім шынында,
Төлесең де жетпес нарық , пұлың да,
Сөйлеп келдік, сөйлей әлі береміз
Бабам, әкем, ұлым да!