meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  02.08.2022
  156


Автор: Қазданбай Қосжанов

ЖҮРЕК СЫРЫ

Жүректе алғаш от жақты кім,
Махаббат гүлін кеп тақты кім?
Сенсің ғой, сағынтқан, жүдеткен,
Сенсің ғой, бақытым, Бақтылым.
Демеймін алдыңда биікпін,
Құлаппын, шын-ақ тым сүйіппін.
Сүйіппін, басымды иіппін,
Бақытым, Бақтылым, сүйіктім.
Сұраймын өтініп тағы да,
Кімнің сен жаралдың бағына?
Бұл күндер не деген ұғымсыз,
Әлде бір күйініш шағы ма?
Болар ма ең жанымда нақ бүгін,
Бақытым, сүйіктім, Бақтылым.
Сені мен жыр етіп өтейін,
Біткенше кеудеде ақтық үн.





Пікір жазу