01.08.2022
  108


Автор: Айсырға Қилыбаева

ТҮНГІ ҚИЯЛ

Ойынға құмар сәттерім,
Мазасыз, неткен тәтті едің!
Балдәурен – әсем суретті
Ашылмай қалған дәптерім.
Кеземін қиял көгін мен,
Ұйқыны түнгі қашырып.
Қарайды үнсіз мөлдіреп,
Жұлдыздар көкте шашылып.
Алаңсыз ұйқы қаза боп,
Күтемін таңды сарыла.
Көңілде күпті маза жоқ,
Өткіздім бір түн тағы да.
Түн құшағына кіреді
Жарығы сөнген терезе.
Тынығу керек, себебі,
Бұлжымайтұғын ереже.
Терезелерде жарық жоқ,
Ұйқыда жатыр маужырап.
Қиялды қуып түнімен,
Таңертең тұрам қалжырап.
Сен егіп кеткен шыбықтар
Солды да, қайта көктеді.
Құнарлы жерде өссе де,
Тамыры терең кетпеді.





Пікір жазу