26.07.2022
  124


Автор: Қабиболла Сыдиықұлы

АНА ТІЛІН АРДАҚТАП

Шалғырт тартып,
Шау тартпай,
Ретімен қартайып,
Жан сүйері жанында
Сал-серідей жантайып,
Жұғып таза, мөп-мөлдір
Ауылының ауасын.
"Аман-түгел" тілекпен
Тауып жанның дауасын,
Мансап қумай, баққумай,
Шүкір етіп бергенге
Жүрген біздің Қоғаңды,
Жұртым, осал көрмеңдер!
Тал бойында мін болар,
Міні жоқ, деп ойламан.
Бірақ осы Қоғаңды
Кісі-ақ-ау деп ойланам.
Адал еңбек адамы,
Адалдығы міні боп,
Ойы, арманы, тілегі –
Анамыздың тілі боп,
Соныменен егдерді,
Соныменен кетеді.
Кішік адам дей алман,
Даңқ, атақта жетеді.
Қоғаң тілді шын сүйді,
Құр мансапты не етеді?!
Ана тілін ардақтап,
Соныменен өтеді,
Осы бақыт жетеді!





Пікір жазу