25.07.2022
  82


Автор: Серікбай Бердияров

Маған серік -дархан жүрек,гүл көңіл...

Маған серік -дархан жүрек,гүл көңіл,
Керегі жоқ үлде менен бүлденің.
Босағамнан төріме озған,ей,қонақ,
Күліп келіп түндігімді тілмегін.
Рас,рас аңқаумын да аңғалмын,
Таңдай қағып несіне оның таң қалдың?
“Жоқ”деген сөз жараспайды жақсыға,
Жоқ емеспін,Тіршілікте бар жанмын.
Рас,рас ақ көңілмін,адалмын,
Таңдай қағып таңданады оған кім?
“Жоқ”дегенді жаратпайды-жаратқан
“Бар”деп жүріп бақыт таптым,оңалдым.
Алдыңдағы алып отыр дәм-астан,
Бауырсақ бар,
“Бесбармақ”бар жаңа асқан.
Қазақы үйге сен-“құдайы қонақсын”,
Жолға салып жіберемін, адассаң.
Ал әзірлен,әзір-мәзір жол қамы,
Сыйым осы, күйім осы қолдағы.
“Бәріміз де бұл өмірге қонақпыз”-
Соны сезіп,соны ұқсаң болғаны..





Пікір жазу