25.07.2022
  112


Автор: Серікбай Бердияров

Ана тілге тереңірек үңілмей,

Ана тілге тереңірек үңілмей,
Ұзын арқау кең тұсаумен тігіңнен.
Жүргеніңді ешқашанда қостаман,
Таңырқай бер ұсқыныма түңілген.
Болса абзал сөзде түйін мағына,
Жөн жосықты сілтелейді ағыңа.
Шаранадан кәрі анаға дейінгі,
Түскеніне қуанамын сағына.
Ас қаншалық керек болса адамға,
Ана тіл де керек сондай қоғамға.
Сол арада бет пердесі ұлттың,
Тілі,ділі, діні биік болғанда.
Алатаудай ана тілі -құзар шың.
Басшылықта баға жетпес шығарсын.
Ана тілін аяқ асты етсеңіз,
Әңгімеңді әуреленбе ұзартып.
Сорлылықты түсті демен аспаннан,
Бағымымен жалтақтайды босқан жан.
Ауытқыса аш қаларын біледі,
Айырмасыз ит айдақтап қосқанман.
Замандастар өзге тілде сөйлейтін.
Қанша асқақ болғаныңмен көнбейтін.
Бетін аулақ қиын қыстау күн туса,
Өз үніңнің шығуына шөлдейсін.
Көп халықтың атауы жоқ ел дейтін.





Пікір жазу