Ана тілдің көшесіне гүл егіп...
Ана тілдің көшесіне гүл егіп,
Сағаныштың самалына түнедік.
Ауыздықпен су ішкен бұл қоғамға,
Қол бала боп, жүгіріп-ақ жүр едік.
Жүгіреміз!
Бабалар да жүгірген.
Бәлкім, күліп, бәлкім кеде түңілген?
Аыңыраулар қазып қойып оған да,
Болашаққа үңілгендей үңілген.
Оған күліп қарап еді заман қай?
Кеткен шығар түйір бақыт таба алмай.
Балбал тастар меңірейіп тұрады,
Өзін өзі тастап кеткен адамдай.
Өлген күндер өмір болып құралғай,
Келер күндер тағып жүрсін тұмардай.
Балбал тастар – халқы сынды тарихтың,
Мына біз ғой жүрген оны ұға алмай.
Балбал тастар тас ойыңды жібітіп,
Тас көңілді жаңа күнге жылытып,
Бізбен бірге жүрші мына заманда,
Тілсіз қалған күндеріңді ұмытып.
Сақ даласы сан ғасырға мекен ғой,
Түпсіз ғалам,
Ойлағанмен жетер ме ой.
Өзі кетіп,
Тас мүсінін қалдырып,
Тарих бізден озып кеткен екен ғой.