24.07.2022
  89


Автор: Төлеген Жанғалиев

Үміт

Сыртқа шықса желпініп,
Сырбаз әтеш қақсауық.
Қытығыңды келтіріп,
«Қыт-қыттайды» ақ тауық.
Торы байтал қыз өңді,
Топ шетінде жоғалса.
Күрең айғыр шідерлі,
Күрсінеді адамша.
Ақ қайыңның бүрінен,
Аппақ уыз сүт саулап.
Жас теректің түрінен,
Жарқылдайды құшқан бақ.
Қызды сүйіп қылықты,
Қызынады баталы ұл.
Оят, өлген үмітті,
Осылайша, о, тәңір!





Пікір жазу