14.07.2022
93
Жүрегі болса да сенбесе...
Жүрегі болса да сенбесе,
Көздері болса да көрмесе,
Соқырға әліпті таяқ деп
Ұстату керек пе ендеше?!
Айтқан сөз құлақтан енбесе,
Су ішіп жатса да, шөлдесе,
Мылқауға сөзіңді шығын қып
Тұрғаның қажет пе ендеше?!
Соңыңнан қалың ел ермесе,
Абайла!
Кім едің сен кеше?
Жаратқан жар болды, бар қылды,
Аллаға басыңды іи, ендеше.