14.07.2022
  106


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Жәннатқа кірем бе деп үміт қылып...

Жәннатқа кірем бе деп үміт қылып,
Тамұққа түсем бе деп күдік қылып,
Жүргенде күңделікті күйбең тірлік
Кетеді қорқынышты ұмыттырып.
Жәннатқа кірем бе деп үміт қылып,
Тамұққа түсем бе деп күдік қылып,
Шайтанның сап ете қап сапалағы,
Кетеді одан әрі былықтырып.
Жәннатқа кірем бе деп үміт қылып,
Тамұққа түсем бе деп күдік қылып,
Жүргенде жанды иманға бағындырып,
Тәніңді алу керек шынықтырып.





Пікір жазу