14.07.2022
  80


Автор: Ақылбек Шаяхмет

Шара-жүрек

Амандассаң, жаздай жарқын түр-өңі,
Адамдардың шара-сынды жүрегі.
Төгіп алмау лүпілдеген сезімін
Ізгі ниет пенделердің тілегі.
Әжім басып, ақ түссе де самайға,
Жақсы адамның ақ көңілі – шарайна.
Қастық пенен қызғанышын малғұндар
Шарасында жасырады, абайла!
Жақсылық пен қайырымға толса да,
Тар кеудеге сиып тұрар сол шара.
Кімде кімнің бос болса егер жүрегі,
Ондай адам нағыз байғұс, бишара.
Жүз мәртебе мақтаса да асаба,
Қасиетін тығып қойып тасаға,
Көкірегі тек көріктей күмпілдеп,
Кеуде, бірақ, қуыс болса не шара?!





Пікір жазу