14.07.2022
  104


Автор: Дәулетбек Байтұрсынұлы

Біреу келіп жүрегімді қанжарлап...

Біреу келіп жүрегімді қанжарлап,
Сорғалайды сорым қайнап қан қарға ақ.
Көп ит қуған киіктей боп ентігіп,
Қарғитындай қал кешемін жардан нақ…
Сондай сәтте сыбырлайды періште,
Қайтарады кеткен ойды теріске.
Аямайтын пенделер бар ешкімді,
Жүректерін айналдырған берішке.
Қысымында қалған кезде көкбеттің,
Көз алдыма көктемімді көлбеттің.
Ақ періштем, өлең болып сен келдің,
Тік көтеріп рухымды өрлеттің.
О, ару жыр, сен болмасаң тозамын,
Тұнығыңа жудым жүрек тозаңын.
Шымыр-шымыр… бойым нұрға балқыды,
Дәл бабында қалықтады өз әнім.





Пікір жазу