meta charset="utf-8"> Қазақша портал

  12.07.2022
  150


Автор: Шабаз Иманалиев

Қос жүрек қуанышты ала шапты...

Қос жүрек қуанышты ала шапты,
Армандап гүл-өмірді – болашақты.
Дегендей дүниеде бәрі де егіз,
Сызды мұң қуанышпен таласа ақты.
Нұр бейнең көз алдымнан кетер емес,
Жалт беріп, жүрегімді бір жылы елес.
Ескерткіш болсын саған осы өлеңім,
Кім білер, кездесерміз ертелі-кеш!





Пікір жазу