12.07.2022
141

Күдік келіп үмітпен «некемді» үзді...
Күдік келіп үмітпен «некемді» үзді,
Некемді үзді, сертімді бекер бұзды.
Ерініңнен сүйгенде бөтен жігіт,
Мен құшақтап тұрамын бөтен қызды...
Бас имей Сезім атты патшамызға,
Өтінемін, жанардан жас тамызба.
Саған гүлін ұсынар басқа жігіт,
Мен гүлімді сыйлаймын басқа қызға...
...Күйін кешіп мекенсіз кезбе бұлттың,
Кесірінен қайғының өзгеріппін.
Амал қанша, сен енді өзгеліксің,
Амал қанша, мен енді өзгелікпін!..
Қош бол!