12.07.2022
106
Сынақтарын көтере алмай жүрегі...
Сынақтарын көтере алмай жүрегі,
Тағдырына тас атады адамдар.
Жаныңызда мендей сорлы кім еді?
Менен гөрі бақыттысың, балаң бар.
Сені сүйген жүрегімнің дерті мың,
Кінәсі жоқ, күнәсі көп періштем.
Тым болмаса түсімде де бер тыным,
Ал сертіңді ұмытпашы келіскен.
Төзем бірақ тағдырымның тезіне,
Білесің бе, қайғым ауыр, мұң – демім.
Өз обалым өзгеге емес өзіме,
Кешіре гөр, мен сенікін білмедім.
Санам ауыр күрсінеді бүгінде,
Қай жаға апарады ой – айдын?
Қалтыраған жүрегімнің түбінде,
Сені және сезімімді аяймын.
Шаттығын да сезінбеген шырайлым,
Сезем бәрін, іштей үнсіз жылайсың.
Мен де бір күн бір аруға ұнаймын,
Сен де бір күн бір жігітке ұнайсың!
Мен сенемін!