12.07.2022
134
ШЫН ЖҮРЕКТЕН
Жалықпай, жылдар толғанып
Жырладың, Мұқа, Абайды.
Сөзіңнен ұрпақ шолды анық
Замандар бетін талайғы.
Ақынның асыл арманы
Аңыз боп жетті əр елге.
Шыңғыстан тартқан жолдары
Жалғасты қиыр əлемге.
Тұлғасы биік ұлы Абай
Заманға жайнай көрінді;
Шалқиды күнде жерді орай,
Секілді мəңгі серігі.
Отаның, Мұқа, ардақтап
Сыйлығын тартты Лениннің, –
Шығарың аян жəне ақтап
Халқыңның қымбат сенімін.
Аналық абзал жүрекпен
Білдірсе ықылас еліміз.
Айнымас достық жүрекпен
Сүйеміз бірге сені біз.