12.07.2022
  99


Автор: Ғали Орманов

ҚҰРЫЛЫСШЫ ҚИЯЛЫ

Домна жайын шертті бір жас,
Балқи қарап соған өзі.
Қозғағандай сені де рас,
Сүйсіне айтқан соның сөзі.
Бұл бір ғажап асқан алып,
Сом сүйекті, зор денелі.
Əр нұсқасын бақсаң анық,
Тосын жатыр бейнелері.
Əзір жым-жырт, тұр тым-тырыс,
Аңдығандай ертеңгісін.
Алғанда сол отпен тыныс,
Аңғарарсың өктем күшін...
Тоңазыған ұлы дене,
Таңырқатқан бейнесіне,
Күні жетсе-ақ шалқыр демде,
Қуат бұрқап кеудесінде.
Тұрар əлі-ақ бусанып ол,
Төңірегі əлі-ақ бусанып ол.
Саған дəйім сезілер сол
Жер тынысы сықылданып.
Тас сүйегі сонда балқып,
Арна тола ағар шойын;
Аужайында тұрған шалқып
Абайларсың адам ойын.
Өнер, ойы не шебердің
Сүйсіндірер сонда сені.
Сенің-дағы бір шегеңнің,
Қандай бақыт, тисе себі!





Пікір жазу