12.07.2022
  128


Автор: Ғали Орманов

ҮМІТ ОТЫ

Көрінген өзім емес, құр сүлдерім,
Көз сүзе тегін емес күрсінгенім.
Жалт етіп жазатайым бір қарап кет,
Кеудемде үмітімдей жүрсін менің.
Өмірде өгей жанша селкеу тартпай,
Өлеңге берілейін дамыл таппай.
Өзіңді тыныс көрген қуанышым –
Маздасын көкірегімде шамшырақтай.





Пікір жазу