10.07.2022
118
Жүрегімнің маржанындай өлеңім...
Жүрегімнің маржанындай өлеңім,
Альбомыңның арттырар ма беделін,
Жазғы шықтай мөлдіреген жырымнан
Арманым не, тапса жаның керегін!
Қағаз ғой бұл – тозар-дағы жыртылар,
Өлеңімнің іші бар да, сырты бар.
Сол бір іші ішіңде ұзақ сақталса,
Ақын жаны уанар да, тыншығар.
Өлеңіме күндес жандар табылар,
Құртпақ үшін іштен жаулық сағынар.
Онда саған айтатұғын бір ақыл –
Жүрегіңнің альбомына жазып ал!