29.06.2022
152
«АЛТЫН ЖҮРЕК»
Қасқайып көзге тура қарап келем,
Халқымның кəдесiне жарапты өлең.
Жаудырып жүректен жыр күнi-түнi,
Сəттермен санаспадым, сағатпенен...
Еңсемдi тiк көтертiп еркiндiгiм,
Еркiндiк арқасында серпiлдi үнiм.
Тойлаған Астананың он жылдығын,
Туған ел, көз тартады көркiң бүгiн!
Билетiп сезiмдерге жанды ғажап,
Ақын тұр, айналаға ойлы қарап.
Жар салып дүниеге – «Қазақ елi»,
Аспанда Самұрық құс жайды қанат!
Көсiлiп төрт құбылам жатыр аман,
Қалайша, тебiренбей отыра алам.
Қазақтың айбат шектi батырлары,
Жауынан жанар оты жасымаған!
Келедi ұлы көшiн халқым түзеп,
Қойылып «сақ дəуiрiнен» жарқын күзет.
Мəңгiлiк махаббаттың сырын шертiп,
Дүрсiлдеп соғып тұрды,
«Алтын жүрек!»