29.06.2022
  96


Автор: Марфуға Айтқожина

«ЖҮЗІМ ҚОҢЫР, ЖҮРЕГІМ АҚҚА ҚҰМАР»

Жүзім – қоңыр,
Жүрегім – аққа құмар,
Жүрегімнен адал ой ақтарылар.
Тəрбиелеп келемін қанша шəкірт,
Ақын болар, болашақ шақта бұлар!..
Өңім – қоңыр,
Жүрегім – аққа құмар,
Қазақтың Дулат – Абай мақтаны бар!
Өңім – қоңыр, далам да қоңыр менің,
Қат-қабат қалың сырын ақтарып ал!
Өңім – қоңыр,
Жүрегім – аққа құмар,
Көңілдің құлазитын шақтары бар.
Қоңыр жүзді даланың,
Қоңыр үнін,
Құлақ асып тыңдар ма, тақтағылар?!.
Осылайша ұстаздың есті мұңы,
Ескен мұңнан байқалып –
Естілігі...
Екі Ғасыр өтсе де аралықта,
Туған елге жыры да, жетті нұры!..





Пікір жазу