29.06.2022
  141


Автор: Марфуға Айтқожина

ЖҮРЕГІМНІҢ ШЫҢДАРЫН ШУАҚ ШАЛДЫ

Қалайсыңдар, бауырлар, қалайсыңдар,
Бой көрсетіп тұрады талай шыңдар!
Ұяласа көңілге көлеңкелер,
Көлеңкені қуатын –
Арайсыңдар!..
Қалайсыңдар, бауырлар, жұмыс көп пе,
Берілмеген пендеге тыныс текке.
Сендер менің алатын тынысымсың,
Көк балауса,
Көк майса, шығып бетке!
Хабарласып қайттыңдар, сұрап қалды,
Қыстыққан жүрек қанша сыр ақтарды.
Тегін емес,
Толқытқан заман сыры,
Сезім тұрғай,
Тербейтін құрақ-талды!..
Жарқырата жаққандай, шырақ шамды,
Қанағатшыл көңілім, қуаттанды.
Көлеңкелер ығысып,
Көптен бергі,
Жүрегімнің шыңдарын –
Шуақ шалды!..





Пікір жазу