28.06.2022
  130


Автор: Марфуға Айтқожина

Қызығына қиялдың алданған мың...

Қызығына қиялдың алданған мың,
Біреуі мен екенмін,
Аңғал жанның!..
Алданумен өлеңнің ғажабына,
Тез өтерін өмірдің аңғармадым...
Аңғарған кім,
Амал не, аңғармадым,
Үмітпен қол созбайды заңғарға кім?!.
Өксігімді өзекке көміп қойып,
Сұлулық сырларына таңданғанмын.
Туған аймақ,
Мұңсыз күн, қалды қашық,
Содан ба,
Билейді ойлар жанды жасық.
Ойым жеткен арманға,
Қолым жетпей,
Өз-өзіме отырмын қарным ашып...





Пікір жазу